#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #кәсіпкерлік

Өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын кеңес мүшелерінің сайлауы өтті. Жиында кеңеске кімнің өтетінін бизнес өкілдері онлайн және ашық форматта дауыс беру арқылы таңдады. Айта кетейік, үміткерлерді тіркеу былтырғы жылдың 18 мен 31-ші желтоқсан аралығында жүргізілді.

Дауыс беру облыстық кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өтті. Жалпы алғанда 26 кәсіпкерден өтініш келіп түскен. Оның ішінде 16 өтінім салалық кеңес мүшелерінен болса, қалған 10 өтінім аудандардан. Комиссия мүшелері кандидаттардың тиісті талаптарға сай болуын қадағалап, сайлауалды бағдарламаларын талдады. Сондай-ақ, үміткерлермен өңірлік кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнеспен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау және әртүрлі әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, көп дауыс жинаған үміткерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған сайлау комиссиясы анықтайды.