#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news

Қызылордада жұмыспен қамтудың өңірлік картасы шеңберінде 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмысшы мамандықтарға басымдық беру арқылы еңбек өнімділігін арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ биыл жұмысшы мамандардың цифрлық сауатын арттыру үшін «Skils.enbek.kz» сайты арқылы онлайн курстар ұйымдастырылмақ.

    Ал былтыр қала бойынша 13 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде "Мансап" орталығына жұмыс іздеуші ретінде 26 мыңға жуық тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 13 мыңы уақытша жұмысқа жолдама алған. Төрт жарым мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

 АЛМАС ОРЫНБЕКОВ - ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«2024 жылы қала бойынша 12 224 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, жыл қорытындысымен 13 438 жаңа жұмыс орны құрылды, яғни, жоспар 110,1% орындалды. Президенттің 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасына сәйкес жоспар 5471 болса, жыл қорытындысымен 5 838 жұмыс орны ашылып, жоспар 106,7% орындалды. Жалпы есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны– 4 909 адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі -3,3 %».