#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #білім
28 қаңтар – қаржылық мониторинг органдарының кәсіби мерекесі. Осыған орай облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мектеп оқушылары арасында «DIGITAL» сайысын ұйымдастырды.
Жарыс мақсаты - жеткіншектер арасында қаржылық сауаттылықты арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Үш бөлімнен тұратын сайыста оқушылар топ болып сынға түсті. Сұрақ-жауап бөлімінде қаржылық сауаттылықтарын көрсетсе, «Дұрыс па, бұрыс па бөлімінде жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды.