Қызылорда облысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша былтырғы жылды табысты түйіндеді. Тайқазанға түсім еселеп артып, қазына қаржысы аймақтағы ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Былтыр облыс бюджеті 749 млрд теңгеден асты. Екі жыл бұрын 369 млрд теңгені құраған еді. Қаржының дені, яғни, 50 пайыздан астамы әлеуеметтік саланы әлдендіруге жұмсалған. Жергілікті бюджет 99,7 пайызға игерілген. «Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі де жүйелі жүргізіліп жатыр» дейді сала жетекшісі. Айтуынша, өткен жылы 49 мыңнан аса адам еңбекке тартылған. Оның 31 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгей 4,8 пайызды құрап отыр. Құрылыс, ауылшаруашылығы, өндеркәсіп өндірісінде оң динамика қалыптасып отыр.