#qyzylordatv #қызылорда #news #жаңалықтар #газ #Бәйтерекауылы

Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты 22-ші бекеттің тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді.

Өңірімізде елдімекендерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. 22-ші бекет аудан бойынша табиғи газға қол жеткізген 15-ші ауыл. Тұрғындар отын шығарып, күл шығару машақатынан құтылғанына қуанышты.

 Шиелі кентінің батыс бөлігінде орналасқан Бәйтерек мөлтек ауданы мен 21-ші бекеттің халқы да көгілдір отынның игілігін көретін күн алыс емес. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, биыл Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай, Бәйгеқұм, Жөлек, Бала би ауылдарын газдандыру жұмыстары басталмақ. Жалпы қазіргі таңда аудан халқының 80 пайызы көгілдір отынды тұтынып отыр.