#qyzylordatv #қызылорда #news #жаңалықтар #мүмкіндігішектеулі #мүмкіндігішектеулілерсаныартты
Былтыр аймақта 2858 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 101 адамға көбейген. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 1025 бала шыққан. Бұл туралы облыс бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде баяндады.
18 жасқа дейінгілер арасындағы дерек те 58 балаға көбейген. Ал алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1833 ересек адамның 73 пайызы жұмысқа жарамды жастағылар болса, 27 пайызын зейнеткерлер құрайды. Өткен жылы 8 мыңнан астам мүгедектігі бар адам, оның ішінде 2900-і бала қайта куәландырудан өтсе, 804 адам толық оңалған.
Департамент басшысы 2 мыңнан астам зейнетақы төлемінің, 256 көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мен 300-ден астам басқа төлемдер кері қайтарылғанын айтты. Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі себеп.
БЕКБОЛАТ ШӘРІПБЕКОВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Облыс бойынша 2024ж. 12 айда республикалық бюджеттен 288788 адамға жалпы сомасы 198,5 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген. Жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2024ж. 1 қантардан бастап 255,4 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушылардың төлем мөлшері қайта есептелінді.