#qyzylordatv #news #qyzylordatv #қазақстанжаңалықтары #жаңалықтар #әуежай #ғарышсаласы #әуерейстері
Ғарыш саласы өз алдына, әуе қатынасы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ететін негізгі саланың бірі. «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалында бүгінде тынымсыз тірлік. Сағатына 250, жылына 2 млн жолаушыға қызмет көрсету жолында жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Мәселен биыл Атырау, Ақтөбе, Қарағанды мен Көкшетау бағыттарына рейстер қосу көзделіп отыр.Тақырыпты тілшіміз Назира Алмас жалғастырады.
НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ
Жаңа терминал жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Заман талабына сай салынған нысан аймақтың бүгінгі бет-бейнесіне айналғандай. Бүгінде жан-жақпен алыс-берісті, барыс-келісті арттыруға мүмкіндік молайды. Дәл қазір Қызылордадан Астана мен Алматы қаласына аптасына 27 рейс орындалып отыр.
Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асып отыр. Айта кетейік, терминал құрылысына 21 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Жаңа терминал жылына жүк тасымалын 150 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ
Жаңа терминал бірқатар саланың серпңн алуына тірек болары сөзсіз. Әсіресе, әуе қақпасы туризмді дамытуға, инвестор тартуға септігін тигізбек.