#qyzylordatv #қазақстанжаңалықтары #news #жаңалықтар #қызылорда #асберу #дін #дінибасқарма
Облыста жерлеу рәсімдері мен ас беру тәртібі қандай? Бұл тақырып қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде кеңінен талқыланды.
Жиынға Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Имамдар қазалы үйдің қыршынын жоқтаудың, марқұмды жайлы орнына жайғастырудың, зират салу мен зиярат ету тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар мәжілісте ас берудегі аста-төк ысырапты тыю керек деген ұсыныс-пікірлер айтылды. Отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан қазалы үйде қазан көтеріліп, кәде-сыйлардың бей-берекет таратылатыны сөз болды.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, қазір жерлеу рәсімі мен қабір қазуда да қайшылықтар көп. Тіпті, құдайы асқа арнап мал сою міндетті емес дейді.
Иә, қымбатшылық қос бүйірден қысты десек те, даңғазалық тыйылмай тұр. Қалалық ардагерлер кеңесінің жиынында көтерілген түйткілді мәселеге «Жаңалықтар» шығарылымынан соң шығатын «Анықтаймс» хабарында қайта ораламыз. Студия қонағы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев.