#qyzylordatv #қазақстанжаңалықтары #news #жаңалықтар #қызылорда #балабақша #тазақазақстан #жасыләлем #жасылбалабақша
Қызылордада бүлдіршіндерге өсімдік баптауды үйретіп жатқан бөбекжай бар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында «Жасыл балабақша» пилоттық жобасы қолға алынғалы балақайлардың экологиялық мәдениеті біршама қалыптасып қалған.
«Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасының кшкентай тәрбиеленушілері күн райын біліп алған соң, жылы киініп жылыжайға барды. Қыстың күні мұнда құлпынай уылжып пісіп тұр. Қияр мен қызынақ та балабақшаның күнделікті аз мәзірінен табылады. Ал «Өлкетану» кабинетінде балалар өңірімізде өсетін жеміс-жидек, бақша өнімдері туралы ақпараттар алады. Ең қызығы, дәнді- дақылдардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Осылайша мамандар балаларды қоршаған ортаны қадірлеуге тәрбиелеп жатыр.
ЗАҒИ ЕСҚАЛИ - «СЫР БӨБЕГІ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
280 орындық,12 топ жұмыс жасайды. Экологиялық тәрбие мен білім беру дамыту мақсатында бізде «Сыр бөбегі» балабақшасы облыстық білім басқармасының 2022 жылы 150-1 бұйрығына сәйкес, «Жасыл балабақша» пилоттық жобасы ретінде енгізіліп, үш жылдай жұмыс жасап келеміз. Біз 7 бағытта жұмыс жасаймыз, әрбір топта зерттеу жұмыстары жүреді,сыртқы жылыжай бар, онда мектеп алды даярлық топтары күн кестесі бойынша барып, күнделікті жұмыс жасап, күтіп, баптап, жемісін алып, соның нәтижесін өздері дәм татып көріп жатады.
Пилоттық жоба аясында балабақшада «Жасыл әлем» орталығы ашылған. Балалар мұнда бөлме өсімдіктерін отырғызады, күтіп-баптауды үйренеді.
ФАТИМА ҒАРИФУЛЛАҚЫЗЫ - БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Менің жасым бесте, мен садикке күнде келемін, өсімдіктер күнде отырғызып, қоқыстарды сұрыптаймыз, маған садик ұнайды.
Осылайша тәрбиешілер мен балақайлар бірігіп, қоқысты сұрыптайды. Қай-қайсысы да қағаз, қалдық пен пластикті бөлек-бөлек тастауға әбден дағдыланған.Яғни, балалар кішкентай кезінен табиғат жанашыры болып өсіп келеді.