Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында жүктілік бір жарым есеге өсті. Әсіресе, ерте босану жағдайлары, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында көбейген.

Осылай деген сенатор Нұртөре Жүсіп Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне мектептегі бақылауды күшейту қажеттігін айтып, депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, 2023 жылдың өзінде 5 мыңнан астам жасөспірім ерте ана болған. Бұл медициналық ұйымдарға тіркелгені ғана. Оның көбі – зорлық-зомбылық көргендер, - дейді депутат. Арыз жазудың орнына мәселені жылы жауып қоюға тырысатын ата-ана да аз емес деген сенатор, ағарту жұмыстарын шұғыл қолға алуды ұсынды.

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Біз бұл мәселеге ерекше назар аудармай болмайды. Өйткені, бұның әлеуметтік салдары бар. Бұл өте нәзір әлеуметтік мәселе. + Жүкті болған мына қыз-балдар автоматты түрде қауіп-қатер аймағына енеді және білім алу мүмкіндігін жоғалтады. Әлеуметтік қайшылықтарға тап болады. +Сондықтан осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ұлттық деңгейде жүйелеу қажет деп есептеймін.