Мектеп жасындағы балалар психологиялық қолдауға зәру. Оны жасөспірімдер арасындағы қатыгездік, суицид, ұсақ қылмыс пен бұзақылық жағдайларының жиілегенінен байқауға болады. Облыстық психологиялық қолдау орталығы аталған мәселелердің алдын алу мақсатында бірқатар маңызды шараларды қолға алып отыр.
Мұнда қиын жағдайға тап болған, психикалық жай-күйінде ақауы бар балалар мен ата-аналарға қолдау көрсетіледі. Күні бүгінге дейін бұл орталықтың қызметіне 700-ге жуық адам жүгінген. Сондай-ақ бұл орталық психолог мамандар үшін бірегей тәжірибе алаңына айналып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
ШОЛПАН ЖҮНІСОВА – облыстық білім басқармасының бөлім басшысы
ҚР Премьер – министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмасына сәйкес республика бойынша жобалық кеңсе құрылды. Осы жобалық кеңсенің аясында үйлестіруші провайдерлер тағайындалған. Жобалық кеңсенің мақсаты – суицидтің алдын алу, буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Жобалық кеңсе аясында өңірімізде 10 пилоттық мектеп анықталды. Бүгінгі таңда семинар 10 мектептің яғни, жалпы облыс бойынша әр ауданнан, Қызылорда қаласынан анықталған мектептер жобалық кеңсеге қатысатын болады.
ЖҰМАКҮЛ БАЯНОВА – облыстық психологиялық орталығының басшысы
Жалпы орталықта 22 маман жұмыс істейді. Мұнда балалар үшін жасақталған 12 кабинет бар. Сондай-ақ топтық түзету кабинеттері жұмыс жасайды.