Осыдан 2 жыл бұрын халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап орталығы» болып қайта құрылымдаудан өтті. Бүгінде облыста 9 мобильді орталық қызмет атқарып жатыр. Негізгі мақсат – тұрғындарды мемлекеттік жобалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Орталықта 6 бөлімде 50-ден астам маман жұмыс істейді. Былтыр 25 мыңға жуық тұрғын жұмыс іздеуші ретінде осы орталық көмегіне жүгініпті. Олардың 4534-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы бір жылдың бедерінде 12 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 280 мекеме 2 мыңға жуық қызмет ұсынған. Биыл президент пәрменімен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, өндіріс орындары мен кәсіпорындарға еңбекке епті азаматтарды жолдауға басымдық берілмек.