Биыл Сырдария ауданында қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғысы салынады. Сондай-ақ, бірнеше елді мекен көгілдір отынның игілігін көреді. Ауданда атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстар туралы тілші бейнематериалында.

Былтыр Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов ауылдары көгілдір отынға қосылса, биыл Шаған және Нағи Ілиясов ауылдарына газ келеді. Қазіргі күні газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде аудан халқын көгілдір отынмен қамту көрсеткші 61 пайызға жетеді. Тағы бір жаңалық, Сырдарияда қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғысы салынады.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млн тг құрайтын жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда. Жаңа буз газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынады.Оған 270 гектар жер бөлінді. Жоба нәтижесінде ауданымыздың экономикасын дамытуға септігін тигізеді.

Ауданда инфрақұрылым жұмыстарына да басымдық берілуде. Мәселен, өткен жылы жол саласына 1,4 млрд теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кенті мен елді мекендердегі 25 көше күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде, аудандағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті. Тозығы жеткен электр желілері де жаңғыртылуда.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

2023 жылы құны 1,6 млрд теңгеге Айдарлы, Жетікөл, Амангелді, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғыртылса, 2024 жылы 1,6 млрд теңгеге Шаған ауылында жұмыстар аяқталып, Қалжан ахун елді мекенінде басталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ауданның электр жүйесінің тозу деңгейі 65 пайызға төмендейді.

Сырдарияда кәсіпкерлік саласы кенжелеп қалғаны белгілі. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 5,9 млрд.теңгені құрайтын 327 жобаға қаржылау қолдау көрсетілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында Бесарық ауылында шағын өндірістік аймақ ашылып, 12 кәсіпкер өз жұмысын бастады.