Байқоңыр ғарыш айлағынан биыл 9 зымырантасығыш ұшырылады. Кестеге сәйкес, оның алғашқысы 28-ші ақпанға жоспарланып отыр. «Прогресс МС-30» зымырантасығышы Халықаралық ғарыш станциясындағы экипаждарға қажетті құрал-жабдықтар мен азық-түлік жеткізбек.

Роскосмостың мәліметінше, қазір ғарыш айлағының монтаждау-сынау корпусында ғарыш кемесін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Одан кейігі ұшырылымдар наурыз айының 25-і мен сәуірдің 8-іне жоспарланған.