#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #айыппұл#ластау

Облыста жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 665 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дегенмен белгіленбеген жерлерге күл-қоқыс тастау, скверлер мен саябақтарды ластау деректері азаяр емес.

 Учаскелік полиция инспекторлары осыған байланысты әр аптаның жұма, сенбі күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мобильді топ қаланың әр аумағына аралап, бақылау жүргізуде. Айта кету керек, қоғамдық орындарды, халық демалатын саябақтар мен скверлердi ластап, коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл әрекетті бiр жылдың iшiнде қайталаса 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.