Негізгі Жаңалықтар Тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібі бойынша кеңес берілді

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібі бойынша кеңес берілді

#qyzylordatv 

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» өтті. Шара аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, кеңес берілді. 


 Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады, баспаны белгілі бір мерзімде жекешелеп алуға болама деген сауалдар қойылды. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне тұру, құрылыс салу, құжат алу кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтылды. «Қызмет алушылар күні» шарасына жетпіске жуық азамат келіп, мамандардың кеңесін алды. 


ЗУХРА АРЫНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ    

Тұрғындар Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінен тиісті түсіндірмелерін алды.... 

Бөлісу