Негізгі Жаңалықтар Кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

#qyzylordatv 

Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары сауда орындарын аралап, кәсіпкерлерге бақылау касса машиналарын орнату және мобильді аударымдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 


 Салық органдары тарапынан мобильді аударымдарды бақылау талаптары күшейді. Себебі, кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлары мен көрсетілген қызметтерінен түскен төлемді бизнес шотына емес өзінің жеке шотына қабылдайды. Яғни, табыс көлемін жасырып, салық сомасын азайтып көрсетуде. Мемлекеттік кірістер басқармасы осы мәселеге байланысты жеке тұлғаның бизнеске арналмаған шотына үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп мобильді аударым жасалған фактілерді анықтап, салық төлеушілерге хабарлама жіберді. Айта кетейік, жеке мақсаттағы мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жатпайды. Азаматтардың туыстарына, достарына, балаларына жолдаған қаражаты, сондай-ақ күнделікті тұрмыстық қажеттіліктер үшін жеке басына қабылдаған ақша аударымдары кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылмайды. 


Бөлісу