Негізгі Жаңалықтар Парасат биігіндегі тұлға

Парасат биігіндегі тұлға

#qyzylordatv 

Тарих ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану ғылымдарының профессоры Абылай Айдосовтың 90 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиында ғалымның өмір жолы мен қоғамдық қызметі, ғылыми және рухани мұрасы қамтылған «Парасат биігіндегі тұлға» атты кітаптың тұсауы кесілді.


 Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Абылай Хангерейұлы –қоғамдық-саяси салада еңбек етумен қатар ғылыммен зерттеулерімен ел есінде қалған тұлға. Еңбек жолын бастауыш мектеп мұғалімі қызметінен бастаған ол комсомол және жастар ұйымдарында түрлі жауапты қызметтер атқарып, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы дәрежесіне дейін көтерілген. 


ӘБДІЖӘЛЕЛ БӘКІР – САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР


 Ең бірінші Әбекеңнің әділеттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, қажырлы қызметі, парасатты ойы, ақылы, жан-жқтылығы, адамға қамқор болып жүретіні, әсіресе өзінен кейінгі жастарға деген қамқорлығы ерекше еді. Мен сондықтан Әбекеңді Сыр бойының Ғаниы деп атайтынмын. 1.30 Әбекең ешуақытта ешкімге сөзін дайындатқан емес. Өзінің баяндамасын біреуге жаздырған емес. Тек өзі жазатын, өзі айтатын. Өйткені оған қабілеті жететін.


 Ғалым Халықаралық Қорқыт ата мұрасын зерттеу орталығына жетекшілік етті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында профессор болып еңбек етіп, сала мамандарының даярлануына үлес қосты. Оның зерттеу еңбектері де бірнеше ірі бағытты қамтыды. Атап айтсақ, Сыр өңірінің тарихы, ұлттық тарихи сананы жаңғырту, Қорқыт ата мұрасын зерделеу және Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық мәселелері бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. 


МИНСАРА ҚАРАМАНОВА – ДОЦЕНТ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

 Ғалымның ғылыми қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі Сыр өңірінің тарихын зерттеу еді. Осы жолда өлкенің тарихи мұрасын жинақтап, жүйелеуге және оны ғылыми айналымғ енгізуге зор үлес қосты. Оның бастамасымен және жетекшілігімен дайындалған «Сыр өңірі тарихы» атты іргелі еңбектің 1998 жылы жарық көруі.


Бұл еңбек Сыр өңірінің тарихын тұтас қамтуға бағытталған маңызды зерттеудің бірі. Жиында ғалымның ғылымға қосқан үлесімен қатар азаматтық болмысы, өзіндік ұстанымы, жастарға деген қамқорлығы туралы да кеңінен айтылды.


 САЙЛАУБАЙ ӘБІШЕВ –ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

 Абылай Хангерейұлының ерекше қасиеті тұла бойынан Сыр бойының бүткіл жақсы қаисет, істерінің барлығы көрініс тауып жатады. Ол кісінің өмірі Сыр бойымен біте қайнасып кеткен. Сарыарқада туса да Арал мен қарт Қаратаудың ортасында барынша еркін еңбек жасаған азамат.


 Сондай-ақ конференцияда «Парасат биігіндегі тұлға» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Бөлісу