#qyzylordatv #news #қызылорда #жанылыктар #гимнастика#мұзайдыны

Бүгін аймағымызда көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды. «Сыр жұлдыздары» атты сайысқа еліміздің 7 өңірінің спортшылары қатысып жатыр. Қазір әріптесім Елжас Әбділда «Мұз айдыны» спорт кешенінен тікелей байланысқа шығып тұр. Елжас, сіз эфирдесіз. Жарыс барысы туралы айтып өтсеңіз.

Рақмет, студия. Жалпы, бұл сайыс 2014 жылдан бері біздің өңірімізде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл 11-ші мәрте жалауын желбіретті. Жаңа ғана жарыстың ашылу салтанаты аяқталып, қазір алғашқы кезең басталып та кетті. Ашық чемпионатқа еліміздің 7 аймағынан 250 гимнастшы қыз қатысып жатыр. Жыл өткен сайын жарыстың бәсі жоғарылап келеді. Биыл оңтүстік өңірлермен қатар, Маңғыстау облысының спортшылары бақ сынауға келді. Қазір менің қасымда көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Әбсұлтанқызы тұр. Гүлмира ханым, Сыр төріндегі чемпионатқа жергілікті спортшылардың дайындығы қандай? Үздіктермен үзеңгі қағыстыра аламыз ба?

– Жалпы осы спортты қаржыландыру жағы қалай өңірімізде? Қолдау бар ма?

– Алда қандай байрақты бәсекелер бар?

Гүлмира Әбсұлтанқызы, тұшымды ақпарыңызға рақмет! Еселі еңбек ақталып, Сыр спортшыларының мерейі үстем болсын. Айта кетейік, өңірде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық берілуде. Сондықтан осындай спортшыларды шыңдайтын турнирлер жиі ұйымдастырылмақ. Ал бұл дәстүрлі сайыс 16-шы ақпанда аяқталып, үздіктер марапатталады. Мереке, менде бар ақпар осы/