#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар#қайсар #футбол

«Қайсар» футбол клубы Анадолыдағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Түркиядағы дайындық барысында жерлестеріміз Еуропаның 10 командасымен шеберлік байқасты.

 Биыл команда шетелдік футболшылардан бас тартып, құрамы бірыңғай жергілікті және қазақстандық футболшылармен жасақталды. Команда құрамындағы 25 футболшының 6-уы «Қайсардың» сапына жаңадан қосылған. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен, ел чемионатының 8 дүркін жеңімпазы, тәжірибелі қақпашы Александр Мокин, Қазақстан жастар құрамасының аяқдопшылары Роман Божко, Никита Губарев, Нұрдәулет Ағзамбаев, Жалғас Жақсылықовтар бар. Бүгінде, қайсарлықтар оқу-жаттығу жиынынан соң үзіліске шықты. Ал, жаңа маусымға дайындықты команда 22 ақпан күні Қызылордада қорытындыламақ.