#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #қазалы#брифинг

Биыл Қазалы ауданында 5 елді мекенге газ құбыры тартылады. Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы басталған үш спорт кешені мен бір ауылдық клуб та ел игілігіне табысталмақ. Бұл туралы аудан әкімі журналистерге арналған баспасөз брифингінде баяндап, өзге де жаңалықтарымен бөлісті.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Әйтеке би кентіндегі 11 көшеге, Қазалы қаласындағы 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жақын арада аудан орталығындағы 9 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталмақ.

Ауданымызда 27 шақырым автомобиль жолының құрылысы жөндеуден өткізілді былтырғы жылы. Сондай-ақ, жұмысы тоқтап қалған Әйтеке би мен Қазалы қаласында арасындағы 7 км жолына күрделі жөндеу жұмыстары аймақ басшысының тікелей қолдауымен қайта жанданды. 4 жолақты жол пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, Әлсейіт көпірінен Бекарыстан би ауылына дейінгі жол нашарлап кеткен болатын. Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаржы алып отырмыз. Ол жұмыс және Жанқожа батыр ауылына кіре беріс жолына күрделі жөндеу жүргізілмек. Бұл жұмыстар толығымен аяқталса жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 93,2 пайызды құрайды.//

 Маңызды жобалар қатарында Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев және Ақсуат елді мекендеріне газ құбырын жүргізу жобасы да бар. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру көздері қарастырылып жатыр.

 Биыл жұмыстарды бастап кетуіміз керек. Пайдалануға да беріледі..

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысы да наурыз айында аяқталып, пайдалануға берілмек. Мұнан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы былтыр басталған 3 спорт кешені мен 1 ауылдық клубта тұрғындар игілігіне табысталады.

 Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында да кешенді жоспар бар. Мәселен, биыл Сарыбұлақ, Шилі, Шәкен, Шитүбек ауылының тұрғындары таза тіршілік нәріне қол жеткізеді.