Жұмыссыздықты жою мақсатында елімізде түрлі бастамалар қолға алынып жатыр. Соның бірі жас мамандардың кәсіби шыңдалуына мүмкіндік беретін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Қазір өңірде бұл жоба шеңберінде жүйелі жұмыс жетерлік. Осы ретте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қала іргесіндегі Талсуат ауылдық округіне барып, бағдарлама аясында еңбек етіп жатқан жастардың жұмысымен танысты.
Айжан Аймағанбетова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан білікті жастың бірі. Ол алты жылдан бері балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында еңбек етіп келеді. Талай балғынның дертіне шипа тауып жүрген кейіпкеріміз осында тәжірибе шыңдап, кәсіби маман атанғанына дән риза. Әрі мемлекеттен көрсетілетін қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, жақында үйлі болыпты.
АЙЖАН АЙМАҒАНБЕТОВА –ДӘРІГЕР-РЕАБИЛИТОЛОГ
2018 жылы осы ауылдық жұмысқа орналасқаннан кейін мемлекетіміздің, яғни үкіметтің қарастырылған көмектері деп айтсақ болады. Яғни жастарға мотивация ретінде берілетін бірінші, ең алғашқы сол 2018 жылы бір реттік қайтарымсыз берілетін жәрдемақы мөлшерінде көмек алдым. 01:20-01:40 -/ Қазіргі таңда енді 6 жыл болды ғой қызмет жасағаныма 2024 жылы да осы кредиттік мөлшері төмен пайызбен осы ауылдық жерден берілетін тұрғын үй бойынша документ тапсырдым. Осы документпен 2024 жылдың декабрьінде осы ауылдан тұратын үй алдым/
Жалпы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы елімізде 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама шеңберінде жас мамандар елді мекендерге жұмысқа орналасып, көтерме жәрдемақыға қол жеткізе алады. Яғни оларға тұрғын үй сатып алу үшін 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат беріледі.
АЙЖАН ИМАН – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Жалпы тұрғын үй сатып алу үшін қойылатын негізгі талаптар маманның несие тарихында 90 күнннен асқан кешіктірулер болмауы қажет. Сонымен қатар, өзінде, отбасы мүшелерінде соңғы екі жылда аттарында тұрғын үй болмауы қажет. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша маман өтінішті жұмысқа орналасқаннан кейін отбасы банк baspana.kz порталы арқылы электронды түрде тапсырады/
ЖАНЕРКЕ КӘДІРОВА – ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
/ 2024 жылы наурыз айында мемлекеттік қызмет туралы заңның 15 бабындағы көзделген талаптармен Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурссыз жұмысқа қабылдандым. Сол уақытта дипломмен ауылға бағдарламасы жөнінде естіп, өзімнің құжаттарымды жинақтап, отбасы банк.кз порталына өтініш тастадым. Белгілі бір уақыт ішінде құжаттарым қаралып, 100 айлық көрсеткіш есебінде қайтарымсыз бір реттік көтерме жәрдемақы алдым/
Өткен жылы Қызылордада 140 жас осы бағдарлама арқылы көтерме жәрдемақыға қол жеткізді. Солардың дені қала іргесіндегі елді мекендерге жұмысқа орналасқан. Биыл да аталмыш бастамаға қызығушылық танытып отырған жастардың қатары көп, дейді мамандар.