Қазалылық боксшы Гүлсая Ержан бүгін Сербияда әйелдер арасында өтетін Әлем чемпионатында шаршы алаңға шығады. Оның алғашқы қарсыласы қытайлық спортшы.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатында жерлесіміз Қазақстанның көк туын алып шықты. Дүбірлі додаға 51 елден 239 былғары қолғап шебері қатысады. Азия чемпионы Гүлсая Ержан 81 келі салмақта өнер көрсетеді.