10-наурыз халықаралық әйел судьялар күні. Елімізде ер адамдарға қарағанда әйел судьялардың үлесі артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде айтылды.

 Қазіргі таңда облысымызда 87 судья болса, оның 29-ы әйел. Аса жауапкершілікті қажет ететін бұл салада жұмыс істеу оңай емес дейді облыстық әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова.

 ЖАНАТ ОСПАНОВА - ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Республикамызда барлығы 2360 судья болса, жартысы әйел судьялар, оның ішінде аудандық соттарда.бізде үш сатылы сот, бірінші саты, аппеляциялық саты және кассациялық саты,аудандық деңгейдегі соттарда,бізде ең көп судьялар осы аудандық соттарда, 1050 судья болса, оның елу алты пайызын әйел судьялар құрайды. Және әрбір төртінші соттың төрағасы осы әйел судья. Бұл деген еліміздегі гендерлік саясаттың, яғни, әйелдің басшылық қызметтегі үлесі артып отырғанын бекітеді.

 ШОЛПАН МАЛИКОВА - ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ

 Әйел судьялардың жұмысы өздеріңіз білесіздер ауыр, көбінесе уақытпен санаспай жұмыс жасайды, таңнын атысы,күннің батысы әр судьяның өзіне бекітіліп берілген ісі бойынша, заңмен, әділеттілікпен нақты шешу болып табылады. Әйелдерде үйдің шаруасы бар, әйелдік қызметтік міндеті бар, сол үшін бұл еке есе ауыр деп айтқым келеді.

Диктор кадр сыртында: Заң саласында абыройлы қызмет етіп жүрген жандардың бірі Гүлжан Мырзатаева. Оның пікірінше, судья болу үшін психологиялық тұрғыдан мықты болу керек.

 ГҮЛЖАН МЫРЗАТАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 1999 жылы Университет қабырғасын бітіргеннен бастап, осы сот саласына келдім. Басында судья болам деп ойлаған жоқпын, басқа салада жұмыс жасаймын дедім, бірақ сотқа келгеннен кейін, сотта жұмыс жасап, қаншалықты маңызды екенін сезініп барып, судья лауазымына келдім. Әр судья өздерінің шығарған әділ шешімінің ары қарайда ақыры дұрыс болғанын көрсе, іштей жылу болады. Кейде болады, өзің шешім шығарып тұрып, 50 де 50 болып тұратын шешімдер болады, былай тартсам арба сынады, былай тартсам өгіз өледі дегендей, сондай жағдайлар, ситуациялар болады.