Жедел жәрдем қызметкерлері адам көп шоғырланатын сауда, ойын-сауық орталығында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді.

 Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың алғашқы медициналық жәрдем бойынша сауаттылығын арттырып, өзіндік дағды қалыптастыру. Мамандардың айтуынша, алғашқы 2 минутта медициналық көмек дұрыс көрсетілсе, адам өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік жоғары. Дегенмен оқыс жағдай орын алғанда бірінші кезекте байсалдылық сақтау қажет. Асығуға, айналада дүрбелең туғызуға болмайды.

 ҒАЛИЯ НҰРСЕЙІТОВА – ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Науқастың ессіз жағдайы болуы мүмкін, тырыспа синдромы, жүрек талмасы болуы мүмкін, бөгде зат жұтып қою мүмкін немесе ессіз қалып құлауы мүмкін, түріне қарай шұғыл көмектің алгоритмі болады. Алғашқы көмекті насихаттау мақсатында ұйымдастырып отырмыз//