Облыста жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегі 241 миллион теңгені құрап отыр. Сондықтан мамандар қордаланған қарызды тезірек төлеу керектігін ескертеді. Себебі, сәуірдің бірінде көлік құралдары салығының төлеу мерзімі аяқталады.

Көлік салығын мерзімінде төлемеген жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептелетінін ескерген жөн. Сондай-ақ салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі. Егер хабарлама алғаннан кейін де тиісті төлем жасалмаса қордаланған қарыз жеке сот орындаушылар арқылы өндіріліп алынады.

ГҮЛЖАМАЛ ШОРТАНБАЕВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Бір айта кетерлігі, көпшілігі сенім хат арқылы сатып жібергенмін немесе автокөлігімді өткен жылы сатып жібергенмін деуі мүмкін. Оның барлығы өз аттарыңыздан мемлекеттік тіркеу органдарынан есептен шығарылмайынша көлік салығы есептеле береді.