Еліміздің 8 облысында су тасқыны болуы мүмкін. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында қауіп басым.
Ал, 5 өңірде Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қауіп орташа. Тасқын қаупі төмен аймақтар тізіміне Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары енді.
Ауа-райы болжамына сәйкес, наурыз-сәуір айларында күн күрт жылынып, жауын-шашын мол түсуі ықтимал. Қазір еліміздің 71 пайызы қар құрсауында жатыр. Бұл тасқынға себеп болуы мүмкін. Сондықтан, жергілікті билік қарды тазалап, алдын-алу жұмыстарын тездетуі тиіс. Бұл Үкімет басшысының тапсырмасы. Жауаптылар су тасқыны мәселесін ерекше бақылауға алуы тиіс