Сенатта жасөспірім қыздардың құқықтарын қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу шаралары талқыланды. Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп бұл мәселенің құқықтық және әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, ерте ана болу жасөспірімдердің денсаулығына, біліміне және дамуына кері әсер ететінін айтты.
Отырыс барысында репродуктивті денсаулық бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мәселелері, жасөспірімдер арасындағы жүктілігінің алдын алудағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру, ағартушылық бастамаларды дамыту және қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерді қолдау жүйесін кеңейту қажеттігін атап өтті.