Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Алты аруымыз жарыстың жартылай финалына шықты.

Бірінші болып кіші финалдық жолдамаға ұлттық құрама капитаны Назым Қызайбай қол жеткізді. Ол венесуэлалық қарсыласы Анаонис Седено Рохасты айқын басымдықпен жеңді. Алуа Балықбекова түркиялық Айсен Таскинді жеңсе, Виктория Графеева өзінің басты қарсыласы – өзбек қызы Ситора Турдыбековадан басым түсті. Аида Әбікеева да түрік боксшысы Есманор Локты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Мұнан соң, Наталья Богданова сербиялық Милена Матовичты, ал, Елдана Тәліпова тағы бір серб қызы Сара Миликовичты қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті. Алты аруымыз да жартылай финалдық жекпе-жегін бүгін өткізеді.