#qyzylordatv
Елімізде кәсіпкер әйелдерің саны артып келеді. Бұл туралы «Respublica» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен форумда айтылды.
Әйелдер сауда-саттық пен қызмет көрсету салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Оған қоса, өндіріс, құрылыс кәсіпорындарда да оң нәтиже көрсетуде. Бұл тенденция ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жатыр, дейді мамандар. Мұнан бөлек, басқосуда өңірде әйел кәсіпкерлер санын одан әрі арттыру, олардың проблемалық мәселелерін жан-жақты қарау бойынша талқылау өтті. Сондай-ақ, спикерлер бизнесті ұлттық бағытта дамыту керектігін айтып, тақырыптар бойынша пікір алмасты.