#qyzylordatv

Облыс орталығын көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Қазір орталық көшелердің бойы мен көпшілік орындардың маңына көпжылдық және маусымдық гүл түрлері егіліп жатыр.

Көктемгі абаттандыру жұмыстарына «Жасыл Қызылорда» мекемесінен 60-тан астам маман тартылған. Жалпы, осы маусымда қала көшелеріне 300 мың түптен астам гүл көшеттері отырғызылмақ. Мамандар өңір климатына төзімді шафран, петуния, сальвия секілді гүл түрлерін таңдадық, дейді. Қазір «Тағзым» алаңы, теміржол вокзалының маңы мен орталық көшелердің бойында негізгі жұмыстар аяқталған. Мұнымен қоса, Сырдың сол жағалауын да абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 АДАЙ МҰСТАФАЕВ – «ЖАСЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ / Наурыз айының 30 бастап көгалдандыру жұмыстары басталды. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат сатып алу порталына жарияланып, бүгінгі күні жеңімпаз белгілі. Бүгінгі күні гүлдің 5 түрі жеткізілді. Қазір гүлді отырғызуға 60 адам жұмысқа тартылып жатыр.../