#qyzylordatv

Ауызбірліктің айқын маңызын Абайдан асырып айта алмаспыз. Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос деген. Көпэтносты Қазақстан үшін сол бірлік ауадай қажет. Оған ассамблея сынды азаматтық институттар да өз үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен сол ел бірлігіне үлес қосқан бірқатар жерлесіміз «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

  Анығы, ассамблеяның құрылуы Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ішкі және сыртқы саясатының заңды жалғасы болды. Бұл институт елде өзара түсіністік атмосферасы бар конфессияаралық келісімнің бірегей моделін құруға үлес қосты. Ел Президенті айтқандай, елдіктің үштағанының бірі – бірлікті бекемдеуге негіз болды.

Биыл осы ассамблеяның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Аталған датаға орай облыста бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

 Ассамблея жанындағы Қазақстанға қоныс аударған этностардың тарихы мен тағдырын зерттеп, ұрпаққа мұра етіп отырған ғылыми-сарапшылық топтың ролі де ерекше екенін айтып өткен жөн.

 Осы басқосуда аймақ басшысы сүйінші хабармен бөлісті: ассамблеяның мерейлі жылында Қызылордада жаңа «Достық үйі» салынады. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне берілед. Бұл аймақ жұртшылығының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи орталық болмақ. Жиында Мемлекет басшысының Жарлығымен ел бірлігіне үлес қосқан бірқатар жерлесімізге «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.

 Бүгінде барлық аудандағы «Руханият орталықтарында» елдің ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар іске асырылуда. Ал,«Қоғамдық келісім» кабинеттері этнос өкілдерінің жиі бас қосатын ортасына айналды.