#qyzylordatv
Республикалық жастар форумы аясында Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі әр аймақтан келген делегаттарға мәдени бағдарлама ұсынды. Қала орталығындағы мәдени ошақтарға экскурсия ұйымдастырылып, 700-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтарға студенттер мен оқытушылар дайындаған қойылым көрсетілді.
Форум қонақтары алдымен отбасылық құндылықтар мен ана мәртебесін дәріптейтін «Анаға тағзым» орталығына барды. Қатысушылар замануи үлгіде жасақталған рухани кеңістіктен ерекше әсер алғанын айтты.
БАҒДАШ ТУПЕНОВА – «ӘЛИЯ» ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 02-11 Анаға тағызым ғимараты өте жақсы жасалған. Мұндай орталық біздің Ақтөбеде де бар. Бүгінгі таңда өте қажет деп ойлаймын себебі өскелең ұрпаққа берер пайдасы мол.
Мәдени бағдарламаның шарықтау шегі – 140-тан астам оқытушы мен студент қатысқан «Батыр Мәншүк» атты көпформатты перформанс болды. Қойылым заманауи технологиямен үндесіп, Мәншүктің бейнесін жаңа қырынан ашты.
ФАРХАД АБЖАППАРОВ – М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\Қазіргі танымал технологиялық модельдер жасанды интеллекттің көмегімен Мәншүктің бейнесін жасадық. Сонымен бірге, соғыс кезінде болған оқиғалдарды шынайы түрде беруге тырыстық.
21 жасында қыршын кеткен батыр қыздың өмірі – 21 моншақпен бейнеленді. Әр моншақ – ерлік пен үмітке, үзіліп түскен тағдырға толы.
АРУЖАН МАМЗАДА – СТУДЕНТ
\\ Спектакльде мен Мәншүктің бейнесін сомдадым. Мәншуктей апамыздың рөлін алып шығу үлкен жауапкершілікті талап етті. Дайындық барысы қызық әрі қиын болды. Күн демей, түн демей, уақытпен санаспай осындай дүниені шығардық.
Көрермендер үшін қойылым тек тарихи естелік емес, тағылым мен тәрбиенің көркем көрінісі болды.
ЖАНАР ТОКИРОВА – ЖЕЗҚАЗҒАН ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Батырлық, пулеметшілік жағынан ғана білетінбіз. Ол кісінің бала кезінен бастап, қазіргі жастардың көзқарасымен, қазіргі замануй ақпараттық технологиялармен жасалған қойылымнан үлкен әсер алдық.
ЛӘЗЗАТ ӘБЕНОВА - №3 ІТ-МЕКТЕП ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ
Қойылымның басты жетістігі өткен мен бүгінді тарих пен болашақты нәзік жіппен байланыстыра білуінде. Мәншіктің өмірі кейінгі ұрпаққа бағдар болуы керек.