#qyzylordatv

Елімізде 27-ші сәуір мен 3-ші мамыр аралығында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен иммундау апталығы басталады. Бұл шара жұртшылықты жұқпалы аурулардан қорғау үшін дер кезінде екпе қабылдаудың маңызын түсіндіру мақсатында қолға алынып отыр.

 Алайда қазір вакциналардың қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтындар көп. Сондықтан мамандар емдеу мекемелерінде көпшілік шаралар ұйымдастырып, бұл бастаманың маңызын түсіндірмек.

Жалпы қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен 21 инфекциялық және паразиттік ауруларға екпе салынады. Бүгінде облыс бойынша 215 екпе кабинеті ұйымдастырылса, шалғайда орналасқан елді мекендерде егу жұмыстарын жүргізу үшін 44 жылжымалы бригада жұмыс жасауға әзір. Иммундау шаралары ақысыз негізде жүргізіледі. Ал, екпелердің сапасы мен қауіпсіздігі жіті бақылауда дейді мамандар.

ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // бірнеше инфекциялық аурулар вакцинациялаудың нәтижесінде бірнеше жылдан бері тіркелген жоқ. Түрлі себептермен егілмей қалған және ата-аналары балаларының екпеден бас тартып, кері көрсетілімдер көрсетеді. Сондықтан дәрігерлер ғылыми тұрғыда дәлелденген ақпараттар ретінде апталық барысында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргіземіз. Сондай-ақ, осы аптада уақытылы егілмей қалған балалар мен жасөспірімдер, тіпті ересектер болсын егумен қамтамасыз етуге біз үлкен жұмыс жасаймыз. Тағы қосымша ақарат алам деген тұрғындар үшін республикалық егу.кз деген сайт немесе 7701 деген байланыс телефоны арқылы ақпараттар алуға болатындығын ескертеміз.//