#qyzylordatv

«Жібек жолы» сауда үйінде ресейлік «Космопарк» көрмесі өтіп жатыр. Ғарыш әлемінен сыр шертететін көрме 1 ай бойы қызылордалықтар назарына ұсынылады.

 Инновациялық технологиялар көрмесіндегі ғаламның ғажайыптарын тек көзбен көріп қана қоймай, қолмен ұстап сезінуге де болады. Мұнда 15 ғарыш артракционы және 8 виртуалды бөлме жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ зымыран макеттері, ғарышкерлердің тұрмыстық заттары мен құжаттары қойылған.

ЛЮБОВЬ ДАНИЛКИНА - КӨРМЕ ӘКІМШІСІ /«Бүгіннен бастап, 1-маусымға дейін «космопарк» есігі ашық. Келушілер бұл көрмеден астрофизика, химия және биология ғылымдары туралы көбірек біле алады. Жұлдыздар әлеміндегі таңғажайыптарға куә болып, қиялымыздан туған кейіпкерлермен танысады. Суретке түсіп, көңілді уақыт өткізуге таптырмас алаң».

 Ғарышкерлердің дайындық аппараттары, гравитация сынағы, виртуалды квест, тесла шоу, жарық проекциялары. Мұның барлығы ә дегеннен-ақ қала тұрғындарына ерекше әсер қалдыруда.

 АЙДАНА ЖАКИЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Менің балам өзі кішкентай кезінен осы планеталарға қатты қызығады. Сондықтан бұл көрме бізге ұнайтынын білдім де, отбасыммен бірге ашылуына келдік. Көрме өте тамаша. Көптеген жаңа нәрселерді ашып жатыр балам өзіне. Өзіне де бұрыннан таныс еді, енді соны шын өзі қолымен ұстап, интерактивный байланыс болып жатыр».

 Мұндай көрме Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде ұйымдастырылған. Бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен ғажайып көрме әрі қарай еліміздің бірнеше қаласына сапар шегеді.