#qyzylordatv

Халықаралық театр фестиваліне келген құрметті қонақтарды әуежайдан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов бастаған Сыр өңірінің мәдениет саласының өкілдері, театр ұжымы зор ықыласпен күтіп алды. Қонақжайлықтың үлгісін көрсеткен сырбойылықтар қадірлі меймандарға бауырсақ пен шұбат ұсынып, ән-жырдан шашу шашты.

 Айта кетейік, түрлі халықтардың рухани байланысын нығайтатын фестивальге Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Сұлтанәлі Балғабаев сынды театр қайраткерлері, театртанушылар, сыншылар келді. Шетелдік меймандар қатарында Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театр және кино университетінің профессоры, өнертану докторы Лаша Чхартишвили, Халықарарлық театр сыншылары бірлестігінің вице-президенті, Қырғыз Республикасының мәдениет саласының үздігі Элеонора Турдубекова секілді кәсіби мамандар бар.