#qyzylordatv

Сыр елінің рухани ордасы – Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойы басталды. Мерейтой аясында қазақ сахна өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, КСРО халық артисі Сәбира Майқанованың есімі ұлықталып, халықаралық театр фестивалі өткізілуде. Елімізбен қатар шетелден келген өнер ұжымдары бір апта бойы спектакльдер сахналап, сырбойылық көрерменге рухани азық сыйламақ.

Сыр өнерінің қара шаңырағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 1955 жылы Талдықорған қаласында құрылған. Өнер ошағы араға 4 жыл салып Қызылордаға қоныс аударды. Сыр елінде театр шымылдығы Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. Содан бері өнер ұжымы ел руханиятының алтын бесігіне айналды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// театр тектілік мекені. Киелі театрымыз құрылғаннан бастап көрерменнің ыстық ықыласына бөленген көпдеген спектакльдер қойлыуда.

Театрдың 70 жылдық мерейтойы аясында «Сырдың Сәбирасы - I» халықаралық театр фестивалі басталды. Мерейлі мезетте Сәбира Майханованың қызы Гүлдар Әбдірашитоваға құрмет көрсетілді. Мұнан бөлек, аймақтың мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары марапатталды. Соның ішінде Сыр сахнасының саңлағы, 55 жыл ғұмырын театрға арнаған Бақытбек Алпысбаев «Парасат» орденімен награтталды.

БАҚЫТБЕК АЛПЫСБАЕВ – «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ////әкем тетатр деп Әуезов театрын айтады ғой. Бірақ, Әуезов театрының өзі 1926 жылы 13 қаңтарда осы жерде шаңырағын көтерген. Сондықтан біз бүкіл қазақ театрларының қарашаңырағымыз.

 Фестивальге еліміздің барлық аймағынан, сонымен қатар Румыния, Грузия, Қырғызстаннан келген өнер ұжымдары қатысуда. Театр артистерінің өнерін Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы бағалайды.

 АСАНӘЛІ ӘШІМОВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ /// Қазақ болып туғаныма қуанам. Әсіресе, оның өнерін қуғаныма қуанам. Сахнада, экранда жақсы кейіпкерлер жасап, өмірге қайта туа аламын. Бұл ел киелі ел. Сыр елі - жыр елі. Сондықтан қуаныштарыңыз құтты болсын!

МАРИАНА ГИЦУЛЕСКУ - «ЭЛЬВИРА ГОДЯНУ» АТЫНДАҒЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //// Біз мұнда келгенімізге өте бақыттымыз. Қазақ мәденитетімен танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Біздің театр ұжымы үшін жаңа әлем ашылып жатқандай. Сіздердің театрға деген құрметтеріңіз тәнтті етті. Жалпы, бұл театр өнері таланттарды тоғыстырған руахани орда. Бүгін біз қызылордалық көрерменге өз спектаклімізді ұсынамыз. Баршаңызды көруге шақырамын. Тілші: Фестиваль аясында Островский, Шекспир, Маркес, Айтматов сынды әлем және түркі әдебиетінің классиктерінің туындылары, сондай-ақ қазіргі қазақ драматургиясының үздік шығармалары сахналанады. Айта кетейік, халықаралық театр фестивалі 30-шы сәуірге дейін жалғасады.