#qyzylordatv
«Аманат» партиясы республикалық мобильдік тобы Жаңақорған, Шиелі аудандарында қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселесін көтеріп, өтініш тілегін айтты.
Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл ауылындағы өзекті мәселенің бірі – жол жағдайы. Жауын жауса ой-шұқыр суға толып, көшемен жүріп тұру қиындайды. Әсіресе, мектеп оқушылары ми батпақтан жүре алмайды,- дейді тұрғындар.
ҰЛМЕКЕН НАЗАРБЕКОВА – БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ //Бізде жаңадан салынған 9 көше бар еді. Сонда асфаль жоқ, тас төселмеген. Жеріміз кебір, жаңбыр жауса мектептен қайтқан балалар басынан аяғына дейін батпақ боп келеді. Қарастырамыз, өзімізге аламыз деді. Оның барлық документтері жасалып, облысқа дейін өтіп кеткен. Тек қолға алу керек болып тұр//
Ал, Сұлутөбе ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруге асық.
АЛМАСБЕК СЫПАТАЕВ – СҰЛУТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ // Біздің негізгі мәселеміз ауылдық округті газдандыру. Газдандыру Шиелі ауданында басталғалы біраз болды. Сол біздің ауылдың қашықтығы ма әлде реті келмей жатыр ма... Тартоғайдан газ агрс салынып әрмен қарай тарлыуға тиіс еді. Жыл сайын кешігіп бара жатыр. Соны айтуға келдім//
Мобильдік топтың жұмысы Жаңақорған ауданында жалғасты. Қоғамдық қабылдауда мүгедектігі бар азаматтардың мәселесі сөз болды.
НҰРДИН ИСМАИЛОВ – АУДАНДЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //01:18+ Жұмыс істеп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар әрі қарай өздерінің жұмыстарын жалғастырып, сол қаражат жағынан айттым. Мақұлдады, ақылдасамыз деді//
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан 60-қа жуық өтініш келіп түсті. Соның ішінде жол жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, ауыз сумен қамту секілді өзекті мәселелер көтерілді.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ // Қабылдауда газдандыру мәселесі, жол мәселесі, жұмысқа орналасытыру, көпір салу, өзге де өзекті мәселелерді тыңдадық. Қабылдауымызға алдық. «Аманат» партиясының Республикалық консультанттары келіп қатысты. Республикалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелерді түртіп алды. Орталық деңгейде шешетін болады//
«Аманат» партиясының мүшелері алдағы уақытта басқа да елді мекендерге барып, халықтың мәселесіне құлақ түрмек.