#qyzylordatv
Аймақта тапанша, мылтық секілді суыт қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін «Мерген» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары үш мыңнан аса қару иесін тексеріп, 46 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде 3 азаматтың суық қаруды заңсыз сақтағаны, 33 адам сақтау ережесін бұзғаны, сондай-ақ 10 адамның тасымалдау мен тіркеу ережесін ескермегені белгілі болып, оларға әкімшілік шара көрілді. Профилактикалық іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады