#qyzylordatv

Сыр өңірінде өтіп жатқан халықаралық театрлар фестивалінде Нодар Думбадзе атындағы Грузия Мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театры да өнер көрсетті. Грузиялықтыр ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің әйгілі «Гамлет» трагедиясын сахналады.

 Гамлет - Уильям Шекспирдің ең үздік туындыларының бірі. ХVІІ ғасырдың басында жазылған бұл пьеса әлемнің жүздеген тіліне аударылған және ең көп сахналанған қойылым. Міне, әлемдік деңгейдегі классикалық шығарманы Думбадзе атындағы Грузия Мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театры Сыр жұртшылығының назарына ұсынды. Трагедияда Гамлет бейнесі арқылы сол қоғамдағы жоғары биліктің дағдарысы, тақ үшін таласқан арандатушылық әрекеттері бейнеленеді. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен кейін анасының туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлеттің жанын азапқа салады. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз болып көрінеді. Гамлет қайта өрлеу дәуірінің гуманисі, карольдің жалғыз ұлы бола тұра айналасындағы билікқұмар туыстарының кесірінен арманына қол жеткізе алмайды. Театр ұжымы бұл спектакльдің премьерасын өткен жылы Грузияда өткізген болатын. Енді міне, екінші мәрте Сыр сахнасында қойып, көрермен қошеметіне ие болды.

ДИМИТРИЙ ХВТИСИАШВИЛИ, Н.ДУМБАДЗЕ АТЫНДАҒЫ ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІБИ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 \Бұл біздің театрдың қоржынындағы ең күрделі әрі жаңа қойылымдардың бірі. Бұл спектакльмен халықаралық фестивальге алғаш рет шығып отырмыз. Сондықтан көрермен көңілінен шығу біз үшін өте маңызды. Сіздердің керемет қалаларыңызға алғаш рет келіп отырмыз. Бәрі тамаша өтіп жатыр\

Нодар Думбадзе атындағы Грузия Мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театрының тарихы тереңде. Өнер ұжымы екі жылдан кейін 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. Кәсіби артистерден құралған театр бұған дейін де бірнеше халықаралық фестиваль мен байқауға қатысып жүлдеге ие болған.

 ДАВИД РОСТОМАШВИЛИ, ТЕАТР АРТИСІ \Біз бұл спектакльді сахналауға 2-3 ай уақыт жұмсадық. Бәрі жақсы өтті, көрерменнің көңілінен шықтық деп ойлаймын ең бастысы. Спектакль екі актілі, үш сағатқа жоспарланған\

Шекспирдің шоқтығы биік шығармасын қызылордалық көрермен 3 сағат бойы тапжылмай тамашалады. Қойылым соңында Нодар Думбадзе атындағы Грузия Мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театрына облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды.