#qyzylordatv

Бүгін – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Атаулы күнге орай кәсіподақтар үйінде «Еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік әріптестік: тәжірибе, мәселелер, ұсыныстар» тақырыбында жиын өтті.

 Басқосуда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Мәселен, 2023 жылы жұмыста жүріп 16 адам қаза тапса, былтыр 9 азамат көз жұмған. Қайғылы жағдайдың дені құрылыс, мұнай-газ және тасымалдау саласында тіркелген. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін салалық кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы бірқатар ұсыныс әзірлеп, өндірісте түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов еңбек адамдарының тұрмыс сапасы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, іс-шарада еңбекті қорғау саласындағы үздіктер алғыс хатпен марапатталып, жұмыс беруші компанияларды ынталандыру мақсатында сенім сертификаты табысталды.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 1989 жылда жұмыс орындарында жарақат алған немесе қаза болған жұмысшыларды еске алу мақсатында алғаш рет аталып өтті. Бүл күннің мақсаты жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Осы ретте еңбек ұжымдарына және жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету еңбек адамының лайықты тұрмыс сапасы мен жағдайын жасауына мүдде таныту маңызды.//

МАҚСҰТ НӘЛІБАЕВ – АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Былайынша оң динамика бар дегенменде, бұл мәселе қабылданған профилактикалық шаралар мен өткізілген оқулар және де еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі талапты күшейтудегі болған нәтиже. Дегенменде әрбір азаматтың отбасына аман-есен барып, жұмыстан аман-есен оралғанын біз қалаймыз. Сондықтан бұл жұмыстарды жандандыру керек деп ойлаймын.//