#qyzylordatv
Сұйытылған мұнай газды нарық субъектілеріне бөлу кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу жағдайлары анықталған. Бұл туралы облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті өкілдері мәлімдеді.
Бірінші тоқсандағы жұмысты қорытындылаған мамандар бірқатар деректерге тоқталды. Жыл басынан бері 27 жеке және заңды тұлғаның өтініші қаралып, тиісті жауап берілген. Монополияға қарсы органға негізінен отын-энергетика, агроөнеркәсіп салалары бойынша арыз-шағымдар жиі түсіпті. Мониторинг жүргізу барысында, кейбір мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз Жарғыға енгізу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықталып, 10 нұсқама шығарылған.
ТАЛҒАТ ЖҰМАТОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕС МҮШЕСІ
//кедергілер жөніндегі кеңестің негізгі бағыты негізгі мәселесі, бұл шағын орта бизнестегі уақытылы анықтау және оларға ел экономикасына үлесін қосуды арттыра білуге жағдай жасау осы кедергілерді кеңес жөніндегі бұның құрылғанына 4 жылдай уақыт болды. Құрылғалы бері біздің Қызылорда облысында 44 мәселе қаралды. Оның ішінде 9 кедергілер жөніндегі кеңестің ықпалымен шешілді.//