#qyzylordatv

Күн жылыған сайын жабайы жағажайда демалатындар қатары көбейеді. Оқыс оқиғалардың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

  Жалағаш ауданында профилактикалық іс-шара аясында аудан тұрғындарына қауіпсіздік қағидалары туралы үнпарақтар таратылды. Әсіресе балалардың бос уақытындағы тәртібіне жіті мән беріп, олардың белгіленбеген жерде суға түспеуін қадағалау мәселесі қаперге салынуда. Сонымен қатар, аудан аумағындағы қауіпті деп танылған 6 орынға 14 ескерту тақтайшасы орнатылды.