#qyzylordatv

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша орталық Азияда көш бастап тұр. CEOWORLD Magazine журналы әлем елдерінің рейтингін жасады.

 Оған сәйкес жайлы елдердің көшін Швейцария, Норвегия және Исландия бастап тұр. Ресей 59 сатыда. Ал Қазақстан 70 орында. Орталық Азиядағы одақтастарымыз Түрікменстан - 96, Өзбекстан-108, Қырғызстан-119, ал Тәжікстан-128 орынға жайғасқан. НРІ индексі тұрақтылық, халықтың қанағаттануы мен еркіндік теңгерімдерін ескере отырып құрылған.