#qyzylordatv

Төтеншеліктер балалар терезеден құлап кетпес үшін қалай қорғану керектігін түсіндіріп жатыр.

Облыстық құтқару қызметі «Терезе» атты профилактикалық акцияға жұмылдырылуда. Былтыр облыс бойынша 17 бүлдіршін терезеден құлап, түрлі жарақат алған.

 БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ //Біз түсіндірме жұмыстарын көбіне сенбі-жексенбі күндері жүргізуді жөн санап отырмыз. Себебі, жұмыс күндері тұрғындар кешке дейін үйлерінде болмайды. Ал, балалары балабақша да болады. Сондай-ақ, біз көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың пәтерлеріндегі терезе жақтауларына арнайы торды орнатуды жөн санап отырмыз. Біз бұл құрылғыны орнату керектігін барша тұрғындарға ескертеміз. Бұл дүкен сөрелерінде бар. Онша қымбатта емес. Бастысы бала денсаулығы үшін керек.Біз рейдттік шараларды ұдайы назарда ұстаймыз.//