#qyzylordatv
Қызылордада «Үздік аула – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды. Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын дәстүрлі байқау – көркейген ауланы ғана емес, қалаға деген жанашырлықты дәріптейді.
Байқауға қатысу үшін Instagram немесе Facebook желісінде #Qzo, #Qyzylorda, #Үздікаула2025 хэштегтерімен сапалы фотосурет пен 16:9 форматындағы бейнеролик жүктелуі тиіс. Сонымен қатар, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебіз жазып, көгалдандыру тәжірибесімен бөлісу ұсынылады. Материалдар 31 тамызға дейін қабылданады. Конкурс нәтижесі арнайы комиссия шешімімен анықталып, жеңімпаздар қала күні өтетін салтанатты жиында марапатталады.