Қызылордада күш атасы Қажымұқан Мұғайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен турнирі басталды. Дәстүрлі дода осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.

САДЫҚ МҰСТАФА, ОБЛЫСТЫҚ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

//Бұл Қажымұқан атамызды еске алуға арналған турнир дәстүрлі. Бұның басы 2013жылы басталған. Қалалық,сосын облыстық содан кейін республикалық деңгейге көтерілді. Біздің жасөспірімдеріміз Қажымұқан атамыздың сол жолымен жүріп, биік шыңдарға жетіп, жақсы жетістіктерге жеткеніне деген бағытта жасалған турнир.+Бүгінгі таңда 170 қатысушы 9 облыстан келіп отыр. Осындай кішкентай жасөспірім балаларымызды өсіп келе жатқан спортшыларымыздың болашаққа қазақстан чемпионатына Азия чемпионат дайындықтарына үлкен шеберлігін арттыруға себебін тигізеді//

Дәстүрлі турнир жас балуандар үшін маңызды сынақ алаңы деуге болады. Себебі додада болашағынан үміт күттіретін спортшылар іріктеліп, жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

ҚОЖАХМЕТ МЫРЗАЕВ, ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

// Биыл 13 жылдың төңірегі болды, Сыр бойында күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовды еске алу республикалық турнирі дәстүрге айналды.++Жылда осы турнирге Қажымұқан атамыздың ұрпақтары да келіп, өздерінің үлесін қосады. Кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов бүкіл төрткүл дүниеге қазақты танытса, қазіргі ұрпақтары Қажымұқан аталарын еске алып жылда игі іс атқарып жатыр//

Турнирде жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар мен арнайы медальдар табысталады.