Жылдың ең көрікті де шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні. Мерейлі мерекеге орай аймақтың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген арулар «Анаға тағзым» орталығында бас қосты. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген аяулы аруларға құрмет көрсетті.
Ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектердің қоғамда алар орны ерек. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен арулар ақыл-парасатымен, білім-білігімен елдің дамуына айрықша үлес қосып келеді. Ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарының ұйытқысы болып жүрген де осы ақжаулықты аналар. Аймақ басшысы өңір дамуына қарқын қосып жүрген нәзік жандардың еңбегін тілге тиек етіп, мәртебесін асыратын жылы сөздерін арнады.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
"Елімізде президентіміздің бастамасымен әйелдер қаауымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бүгінде отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау, гендрлік теңдікті қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатының аса маңызды басымдығына айналды. Мелмекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл сайын арта түсуде. Аймағымызда отбасы институтын дамыту, аналарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар нәтижелі іске асуда."
Жауапкершілік жүгін арқалап жүрген осынау нәзік жандардың құрметіне қалада «Анаға тағзым» орталығы, ал аудандарда руханият орталықтары қызмет көрсетуде.
РАЙКҮЛ БАЙНАЗАРОВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
"Анға тағзым орталығы" ашылғанына екі жылдан астам уақыт болса да облыстың брендіне айналды. Сондықтан белсенді, жанашыр, қоғамға пайдасын тиігізіп жүрген арулардың маңдайын тіреп келіп, бір-біріне қолдау көрсететін облыста анаға тағзым болатын болса, аудандарда руханият орталығы ашу бастамасын көтеріп, халық игілігіне сыйға тартқаныңыз үшін бүкіл Сыр елінің қыз-келіншектерінің атынан алғысымды білдіремін."
Осылайша ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектердің құшағы гүлге толып, көңілдері нұрға бөленді.