Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруды жою акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты - азаматтардан тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару-жарақ, оқ-дәрі және суық қаруларды заңсыз айналымнан шығару.
Акция барысында барлығы 215 бірлік қару қабылданған. Оның екеуі ойық ұңғылы, екеуі шолақ мылтық, 11-і газды-травматикалық қару болса, 200-і тегіс ұңғылы қару.
НҰРБЕК АЙТБАЙ - ОПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Комиссия құрамының шешімі негізінде 2025 жылдың 12 айында барлығы 305 дана қарулар қабылданып, Ішкі істер министрлігі Әскери және арнайы жабдықтау базасында жойылды. Бүгінгі таңда 215 дана қарулар қабылданып, ҚР ІІМ бұйрығы талаптарына сәйкес кесу арқылы жарамсыздыққа келтіріліп, берілген тәртіпке сәйкес жойылатын болады//