Ақордадан ақжолтай ақпар! Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өз кәсібінде жоғары табысқа жеткен әйелдер қауымымен кездесіп, шуақты мерекемен қөұттықтады. Салтанатты жиында төл арнамыздың бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Салтанатты жиында Президент Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек мемлекеттік наградалармен марапатталды. Соның ішінде Қызылорда телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Үштаған» ақпаратты-сараптау бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Айнұр Нұрланқызы төл арнаның бағдарламалық саясатын қалыптастыруға, аймақтың имиджін көтеруге бағытталған жұмыстарға белсене араласып жүрген, қазақ журналистикасында шоқтығы биік қаламгер.